Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде тарих пәні мұғалімдеріне арналған «6 тарихи концепт бойынша функционалдық сауаттылық тапсырмаларын талдау» тақырыбында қысқы мектеп семинары өтті.

Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде тарих пәні мұғалімдеріне арналған «6 тарихи концепт бойынша функционалдық сауаттылық тапсырмаларын талдау» тақырыбында қысқы мектеп семинары өтті. Семинар барысында қатысушылар тарихи концепттерді (дәлел, өзгеріс пен сабақтастық, себеп-салдар, маңыздылық, көзқарас, уақыт пен кеңістік) оқыту әдістемелерін талқылады. Мұғалімдерге функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу және қолдану жолдары ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – білім сапасын арттыру, жаңа әдістерді тәжірибеге енгізу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін нығайту болды.

Семинарда тарих пәнінің мұғалімі Ешжанова Асель Мадельхановна маңызды баяндама жасады. Өз баяндамасында ол тарихи концепттерді оқытуда функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді әдістеріне тоқталып, сабақтарда қолданылатын практикалық тапсырмалардың үлгілерін ұсынды.

Сондай-ақ, тарихи деректерді талдау, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тәсілдердің маңыздылығын атап өтті.