жас мамандар форумы

жас мамандар форумы

Бүгін, 2021 жылдың 9 желтоқсанында жас педагогтар мен мектеп әкімшілігі Қарағанды облысының жас мамандарының III форумына қатысты. Секция жұмысы барысында мұғалімдерге түрлі бағыттағы пәндер бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі, жаңа қызықты, пайдалы платформалар мен ресурстарды пайдалану ұсынылды. Тәлімгерлермен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесі, педагогикалық жағдайлар, білім беру процесінде жетістіктері бар жас мамандарды ұсыну қазіргі заманғы мұғалімнің қандай құзыреттер мен дағдыларға ие болуының жарқын мысалы болды. Форумға қатысушылар мұндай іс-шараларды өткізу өзін-өзі жетілдіруге әсер ететінін, сондай-ақ таңдаған мамандығының дұрыстығына сенім ұялататынын атап өтті.