Зиялы бейсенбі.
2017 жылдың 4-ші мамыр күнгі өткен «Зиялы бейсенбінің» қонақтары сәуір айының 29-30 күндері аралығында Алматы қаласындағы Республикалық чемпионатқа қатысып, 210 команда ішінен топ жарып 2-3 дәрежелі дипломадрмен марапатталған оқушылар, яғни Абишова Мадина, Амантай Нұрасыл, Турусбек Ерасыл, Аманжолов Уалихан. Оқушылар өздерінің жеткен жетістіктерінің қандай еңбекпен келгенін, 2 күнге созылған чемпионат кезіндегі қызықты да қиыншылығы бар сәттерімен бөлісті. Жас көшбасшылар мектеп-лицей ұжымына, ұстаздарына, ата-аналарына, достарына үлкен алғысын білдірді. Сонымен қатар БАҚ журналистері жас көшбасшыларымыздан сұхбат алды. Сұхбат барысында барлық оқушы дарын иесі сол бойдағы күш жігерді, білімді сыртқа шығарып,нәтижесін көріп, алға қойған мақсатқа жету үшін еңбектену керектігін айтып өтті.