«Қаржы сауаттылығы күні»
«Қаржы сауаттылығы күні». 2017 жылдың 29 сәуірінде Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Қаржы сауаттылығы күні» аталып өтті.
Мақсаты: оқушылардың бойында қаржы туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, жеке қаржыны тиімді басқарудың дағдылары мен қаржы мәдениетін қалыптастыру.
«Қаржы сауаттылығы» күніне орай арнайы бағдарлама құрылып, әр –түрлі іс-шаралар қамтылды.
Мектеп-лицейдің І-ші қабатындағы «Көшбасшылар» залында арнайы бұрыш ұйымдастырылып, теледидардан тақырыптық бейнефильм көрсетілді.
«Қаржы сауаттылығы күні» саптық жиынмен басталды. Саптық жиында мектеп-лицей директоры құттытау сөз сөйлеп, оқушылардың қоғам өміріндегі және адамдардың күнделікті өміріндегі қаржының рөлі жайлы ақпараттар атты.Бағдарламаға сәйкес «Қаржылық сауаттылық», «Жай ғана қаржыгерлер» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, соңынан оқушыларға қаржы жөнінде ұғымды түсінікті түрде беру, түрлі экономикалық қарым-қатынастарды молельдеу, тапқырлық, тез ойлау, экономикалық сауаттылықты қалыптастыру міндеттерін іске асыру барысында «Мәртебелі экономика», «Экономика ойыны», «Экономикалық ТКК», «Кім не қолданылады?», «Біздің мәртебелі экономика», «Шеберлер қаласы» шағын экономикалық ойындармен жалғасын тапты. 7А сынып ұжымында өткен кездесуде экономикалық пәндер оқытушысы жеке кәсіпкер ата-ана және жеке кәсіпкер абишева Асия Бижановна оқушылармен қаржы-қаражат жүйесі, валютаның айналымы мен экономикалық терминдер туралы ақпарат берді. Өз кезегінде жеке кәсіпкер бизнесті қалай бастағанын, кездескен қиындықтар, алдағңы бизнес-жоспарларымен таныстырды. Оқушылар өз кезегінде сұрақ қойып, жауап алып жатты.«Кәсіптік бағдар беру» орталығында 9 сынып оқушыларына қаржылық табыс туралы бейнефильм көрсетілді.«Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері вариативтік курсының» бағдарламасы және технология пәні мұғалімдері мен оқушыларының қолдан жасаған бұйымдарына арнайы «Шеберлер қаласы» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, сатылым жүрді. Көрме-жәрмеңкеде «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің оқу әдістемелік кешені ұсынған «Санамақтар», «Боямақтар», «Жұмбақтар», «Гүлдер әлемі», «Әліппе» әдістемелері, мектеп-лицей оқушылары жинаған түрлі гүлдердің тұқымдары сатылды, қолдан жасалғар бұйымдар, қазақи нақыштағы жастықшалар, гүлдер, бисерлі композициялар, табиғи материалдардан жасалған тұрмыс құралдары сатылып, бұл жәрмеңке мектеп-лицейдің кіші спорт залында өткізілді.