Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша мектеп-лицей ұжымы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша мектеп-лицей ұжымы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

2017 жылдың 21 сәуір күні Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша мектеп-лицей ұжымы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Ашық алаңға мектеп-лицей әкімшілігі,барлық кафедра жетекшілері қатысып өз ойларын ортаға салды.
Бұл мақалада рухани жаңғыруға жетелейтін бастаманың бағыттары айқындалды. 
Ұлттық сана қалыптасу - ұлттық кодымызды сақтап қалу. Көш басындағы елдермен тереземіз тең болып, иық тіресу – өзімізді мықтап қолға алу, заман ағымына қарай ілесіп жүру. 
Бәсекеге қабілетті болу – білім, қызмет, зияткерлік өнім, еңбек ресурстарымен бірге болу.Ол үшін әрбір азамат компьютерлік сауаттылық пен шет тілдерін меңгеруі тиіс. Мәдени ашықтық факторлары әр қазақстандық азаматтардың алға басуының алғы шарттары болып табылады.
Ұлттық жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиекті кеңейту, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз, бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз жалпы айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталуы тиіс екендігі баса атылды. Осы бағытта МДЖ «Тәрбиелі ұрпақ- тамырлы болашақ» атты Ү стратегиясын жүзеге асыруда мектеп-лицейішілік «Парасат» әжелер-аналар мектебі, «Ұлағат» аталар-әкелер мектебінің жұмысын алға тартты. 
« Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екенін айқындай келе, мектеп –лицейде МДЖ сәйкес «Тіл зертханасының» және жаратылыстану- математика бағытындағы пәндердің үштілде оқытудағы атқарылып жатқан жұмыстарымен нәтижеге бағытталған іс-жоспары қарастырылды. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлеуде. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды.