Мағауия Хамзин атындағы «Құрылысшылар» сарайының қасында орналасқан 24 қанатты киіз үйге саяхат

Мағауия Хамзин атындағы «Құрылысшылар» сарайының қасында орналасқан 24 қанатты киіз үйге саяхат

Қалалық  тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес наурыз айында 4 сынып оқушылары Мағауия Хамзин атындағы «Құрылысшылар» сарайының қасында орналасқан 24 қанатты киіз үймен танысуға саяхатқа барды.  Мақсаты : оқушыларға киіз үйдің құрылуы және киіз үйдің жабдықтары  туралы мағлұмат  бере отырып, оқушыларды  мәдени құндылықтарға деген сүйіспеншілігін ояту болып табылды. Саяхатқа барған оқушы саны – 30.  Саяхат барысында оқушыларға бірінші киіз үй  туралы түсінік берілді.   Мұражай қызметкерінің айтуы бойынша,  киіз үйдің қалай құрылу керек екені айтылды. Сонымен қатар тарихқа шолу жасалды. Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. Киіз үй адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс.   Ол көшіп-қонғанда тез жиюға және бұзуға  ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтартар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй қатты боран соққанда жығылмайды, жаңбыр жауса суды өткізбейді. Киіз үйдің қанқасы үш бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыспен байланады. Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады. Уықтар шаңырақты тіреп тұрады. Қазақтың киіз үйі 6-қанатты,8-қанатты, 12- қанатты, 24-қанатты болады. Киіз үйге кірген кезде ең бірінші қонақтардың көздері шаңыраққа түсетіндіктен, біздің ата-бабаларымыз шаңыраққа әр түрлі жіптерден жасалған шашақтар іліп қояды.  Бұл не үшін?  деген сұрақ қойылып,  оқушылар жауап берді.  Иә,көз тимеу үшін.  Жалпы киіз үй оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді.   Яғни ерлер және әйелдер жағы болып. Ерлер жақта ер адамға тән нәрселер ілініп тұрады. Олар: шоқпар, қамшы, садақ, т.б. қару-жарақтар. Ал әйелдер жағында тек әйелге тән нәрселер тұрады. Олар: ыдыс-аяқ, төсек орын, бесік тағы басқалар. Төр қазақ халқы үшін өте қасиетті болып саналады. Төрде міндетті түрде аң терілері  және қасиетті домбыра ілулі тұрады. Барлық киіз үй әдемі ою-өрнектермен әшекейленген түскиіздермен, алашалармен, сырмақтармен безендіріледі. Экскурсияны жүргізген мұражай қызметкері барын сала балаларға түсіндіріп, киіз үйдің әрбір жабдықтарының ерекшелігіне тоқталды. Халқымыздың ұлттық баспанасын таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырды. Қолөнер бұйымдарымен   және киіз үй жабдықтары мен ұлттық аспаптар, ыдыс-аяқ , жалпы тарихи  құндылықтармен жете танысты. Әр нәрсеге мән бере, көзбен көру арқылы танып білуге деген ынтасы артып, түрлі сұрақтар қойды. Өзара сөйлесіп, алған әсерлерін сол сәтте-ақ білдіріп жатты. Балалар, әсіресе, үйдің ішіндегі қару-жарақтарға қызығушылықпен қарады. Оқушыларға киіз үйдің сыртқы келбеті де ұнады.