«Білімді ел-Мәңгі ел: Мәңгілік Ел- Ұлы дала ұрпақтары» тақырыбында мектеп күнінің 2 кезеңі мазмұнды өтті.

«Білімді ел-Мәңгі ел: Мәңгілік Ел- Ұлы дала ұрпақтары» тақырыбында мектеп күнінің 2 кезеңі мазмұнды өтті.

2017 жылдың 9 наурыз күні жоғары руханият құндылықтарын меңгерген функционалды сауатты табысты тұлға моделіне қол жеткізу, Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру мақсатында мектеп-лицей даму жоспарының «Тәрбиелі ұрпақ- тамырлы болашақ» атты Ү стратегиясын жүзеге асыру аясында «Білімді ел-Мәңгі ел: Мәңгілік Ел- Ұлы дала ұрпақтары» тақырыбында мектеп күнінің 2 кезеңі мазмұнды өтті. Келген қонақтарды «Көшбасшылар мектептебінің» жас Патриоттары қарсы алып, Бабалар залында «Жас Ұлан» үгіт-насихат тобы мектеп-лицей нышандарымен таныстырды. «Тәуелсіздік тағылы» тарихи-өлкетану бағытындағы зертхананың таныстырылымында 5 бағытта жасалып жатқан жұмыстар көрсетіліп, мектеп- лицейдің 8 жылда жеткен жетістіктері орын алған «Білімді ел-мәңгі Ел» кітабы, зертхана бойынша зерттеу жұмыстарының топтамасы ұсынылды. «ЭКСПО-2017», Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойына орай оқушылардың жобалау іс-әрекетін қалыптастыру шеберханасы – педагогикалық құрал ретінде, шығармашылық және зерттеушілік қызметті дамыту бойынша сабақтан тыс курстардың көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Көрме жәрмеңкеде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әлеуметтік тәжірибелері акциялары және жобаларын іске асыратын оқу мен тәрбие үрдісінің бірізділігін қамтамасыз етіп отырған "Шаңырақ" топтарының жұмыстары көрсетілді.89-қадам. Білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ барысында «БІЛІМДІ ЕЛ-МӘҢГІ ЕЛ» Мәңгілік Ел- Ұлы даланың ұрпақтары тақырыбында көркемдік –сазды бөлімде «Балқаш аңызы», «Серілер» ер балалар хоры, «Назғұмыр» би тобының арнайы композициялары қойылып, өте жоғары деңгейде өтті.