«Ауған алауы жадымызда» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

«Ауған алауы жадымызда» атты  ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

2017 жылдың 23 ақпанында мектеп-лицейімізде ауған соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында, ауған соғысының аяқталуына 28 жыл толуына орай  ұйымдастырылған  «Ауған алауы жадымызда» атты  ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге  ауған соғысының ардагері «Ұлғат» әкелер кеңесінің мүшесі Әбдірбаев Марат Дінисламұлы  мен Ақбөкеев Дархан Сейітұлы келіп қатысты.Сонымен қатар «Жас Ұлан» үгіт насихат тобы келген қонақтарға өлең шумақтарын жолдады. Кездесу соңында «Жас Өркен» жас тілшілері ардагерлермен сұхбат жүргізді.