«Балқаш қаласының №7 мектеп-гимназия» КММ-де 7 А гиназия сыныбында «Газ қысымы. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым» тақырыбында қалалық деңгейде ашық сабақ өтті.
30.01.2017 күні тәжірибе алмасу мақсатында жоспарға сәйкес «Балқаш қаласының №7 мектеп-гимназия» КММ-де 7 А гиназия сыныбында «Газ қысымы. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым» тақырыбында қалалық деңгейде ашық сабақ өтті. Негізгі мақсат: физика пәнінен негізгі терминдерді үш тілде меңгерту, ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымды анықтау, сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын формуланы қолдана отырып, есептеу. Бұл сабақтан оқушылардың тыңдау, сөйлеу, оқу, есеп шығару дағдылары біртіндеп дамып, оқушы мен мұғалімнің, оқушы мен оқушынығ арасында ынтымақтасқан орта қалыптасты. Физиканың терминдерін ағылшын тіліде түсініп, физикалық құралдармен танысып,есептерді ағылшын тіліндегі терминдерді пайдалана отырып шығару қалыптасты. Сабақта оқу жетістіктерін бағалау критериилері қолданылды.