23.12-27.12 .2016 аралығында «Жаңа жыл-жаңа нұр!» атты мерекелік іс-шара өтті

23.12-27.12 .2016 аралығында  «Жаңа жыл-жаңа нұр!» атты мерекелік іс-шара өтті

2016 жылдың 24-26 желтоқсан аралығында бастауыш сыныптар арасында «Жасыл шырша маңында» атты жаңа жыл мерекесі аталып өтті. Мерекеге алыстан ат арыта аяз ата немересі ақшақарды ерте келіп, көрермендерді шаттыққа бөледі. Сонымен қоса балаларға қонаққа ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері келді. Балалар өлең айтып, би биледі. Шыршаны айналып ән салды, әртүрлі ойындар ойнады. Соңында балалар Аяз Атадан сыйлық алды. Мереке көңілді өтті.

2016 жылдың 27 желтоқсан күні «Жаңа жыл-жаңа нұр!» атты жаңа жыл мерекелік іс-шарасы аталып өтті. Мерекеде балалар би билеп, өлең айтып өз өнерлерін көрсете отырып, жаңа жыл - 2017 жыл жаңа табыстарға, жаңа мақсаттарға қол  жеткізу екенді туралы айтылды.Мерекелік іс-шара өте қызықты әрі көңілді өтті.