12 ноября 2016 года в школе-лицее состоялся благотворительный концерт «Тепло наших сердец»
2016 жылдың 12 -ші қарашасында мектеп-лицейіміздің 2012-2013 жылғы түлегі, мақтанышы,дарынды және талантты, ән әлемінде өзінің ерекше орны болған бүгінде аяқ асты тағдыр тәлкегіне ұшыраған оқушымыз Орынбай Мейірімге рухани азық сыйлау мақсатында "Қоғамға қызмет етемін" жобасы аясында «Жылулық-жан шуағы» атты қайырымдылы концерті ұйымдастырылды. Концертті «Ізгілік-өмір нәрі», игі істің бастауы болған мектеп-лицейіміздің директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы өзінің жүрек жарды тілектерімен ашты. Басты қонақ ретінде Балқаш қалалық білім бөлімінің бас маманы Д,С.Жанбекова , мектеп табалдырығын аттағандағы әріп танып, әліппені үйреткен Мейірімнің алғашқы ұстазы Л.Татибековна, бастауыш буыннан орта буынға көтерілгенде тәлім берген ұстазы Ж. Саденовналар шақырылды. Мектеп-лицейіміздің Ы.Алтынсарин медалінің иегері, өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Ғ. Жунус ыстық лебізін жолдады. Бұл кеште мектеп-лицейіміздің көшбасшы оқушыларының қолдауымен дарынды, талантты өнерлі оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, кеш қонақтарын тәнті етті. Мектеп-лицей оқушылары-түлектері, ұстаздар мен ата-аналар осы кешке қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жаны жаралы адамға жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемдерін ұсынып, достық пейілдерін танытты. Кеш соңында қамқоршылық кеңес төрайымына сөз беріліп, Шолпан Дінисламқызы мен ата-аналар комитетінің төрайымы Мейірімнің ата-анасына түскен қаражатты табыстады.