Традиционный конкурс песен «Шоқжұлдыз – 2016

Традиционный  конкурс песен «Шоқжұлдыз – 2016

Мектеп – лицейімізде 1 – 5 сыныптар аралығында дәстүрлі «Шоқжұлдыз - 2016» ән - би байқауы өтті. Бұл байқауға мектеп – лицейіміздің 1 – 5 сынып арасындағы  өнерлі оқушылары қатысты. Байқау екі түрлі номинациямен өткізілді. Біріншісі ән байқауы, екіншісі би байқауы.15 оқушы ән байқауында өз өнелерін көрсетсе, би өнерінде оқушылар жеке және топ болып ортаға шықты. Бұл байқауда оқушылар әр түрлі жанрда ән айтты.

Би байқауында Әр халықтардың билерін биледі. Әділ қазылар әр үміткерлерге әділ бағасын беріп, жүлделі орындар тағайындады. Ән жанры бойынша бас жұлдені 1 «А» сынып оқушысы Төлеухан Гүлім, І орынды 1 «В» сынып оқушысы Аблайханова Мадина мен 4 «Б» сынып оқушысы Сағатбек Әнуар, ІІ орынды 4 «А» сынып оқушысы Ердосқызы Ақбота мен  2 «Б» сынып оқушысы Сайлау Шыңғыс, ІІІ орынды 5 «Ә» сынып оқушысы Исаев Рүстем мен 5 «А» сынып оқушысы Көмірбай Алмат бөлісті.

Би жанры бойынша бас жүлдені 4 «Ә» сынып оқушысы Серікхан Томирис иеленсе, І жүлделі орынды 1 «Ә» сыныбының кішкентай бүлдіршіндері «Қуыршақтар» биімен және 5 «Г» сыныбының оқушылары «Твист» биімен иеленді. ІІ орынды 2 «В» сыныбының оқушысы Жанатхан Әдемі мен 4 «Б» сынып оқушыларының «Аққу» би тобы бөлісті. ІІІ орынды 3 «Ә» сынып оқушысы Рысмағанбет Жанерке мен 3 «А» сынып би тобы иеленді.