2016 жылының 27-28 қазанында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына біздің мектеп-лицей директоры Дубирбекова К.Ш. мен НЗМ тәжірибес
2016 жылының 27-28 қазанында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына біздің мектеп-лицей директоры Дубирбекова К.Ш. мен НЗМ тәжірибесін таратушы мұғалімдер Садвокасова А.Т., Сатенова Ш.Ш., Джакупова З.А. қатысып қайтты. Конференцияның негізгі мақсаты- Қазақстан білім беру жүйесінде тәжірибені тарату және бейімдеу үрдісін жүзеге асырып жатқан білім беру саласының мамандары- мұғалімдер, зерттеушілер және қоғам арасында ұтымды диалог құру болып табылады. Конференцияға Кембридж,Мичиган, Пенсильвания, Аризона штаты университеттері мен Массачусетс технологиялық инмтитуты, Лондонның университеттік Колледжінің, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, СКОЛКОВО Мәскеулік басқару мектебі, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің А.Н.Колмогоров атындағы арнайы оқу-ғылыми орталығы т.б және де әлемдегі білім беру саласындағы озық әрі тың идеялармен танысуға республиканың түпкір-түкпірінен мұғалімдер жиналды.
Қазақстан Республикасының 25 жылдығы қарсаңында пленарлық отырыс аясында білім беру жүйесінің қалыптасу үрдісінің қатысушылары өз ойлары мен көзқарастарымен бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен бірге 2 күн қатарынан қатар 14 желілік бағыт бойынша секциялық отырыстар өткізілді. Осы бағыттар бойынша мұғалімдерге көмек ретінде білім беру ресурстары мен жабдықтар және оқу-әдістемелік кешендерден көрме ұйымдастырылды. Көрмеде кітап баспалары, білім беру орталықтары, әлеуметтік және жарнамалық видеолар аймағы, проекциялық аймақтарынан материалдар ұсынылды.