Размер шрифта:

«Болашақ инженерлер» жобасы – бойынша мектеп-лицейдің ІІ-ші қабаты №216 оқу бөлмесінде 7-9 сыныптардың қатысуымен семинар өтті.

«Болашақ инженерлер» жобасы – бойынша мектеп-лицейдің  ІІ-ші қабаты №216 оқу бөлмесінде 7-9 сыныптардың қатысуымен  семинар өтті.
2016 жылдың  27-ші қазан күні  «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі»КММ-нің 
«Ғылым,білім.инновация» айлық жоспары аясында ұйымдастырылған  «Болашақ инженерлер» 
жобасы – бойынша мектеп-лицейдің ІІ-ші қабаты №216 оқу бөлмесінде 7-9 сыныптардың
 қатысуымен  семинар өтті. «Болашақтың инженериясы » еліміздің ғылым мен инженерлік әлеуетін 
дамыту үшін көпшілік жетекші елдердің ғылыми-техникалық прогресс бағыттарын алуға, озық 
технологияларын енгізуге мүмкіндік беру және Қазақстандық техникалық білім беру сапасын 
мәртебесін көтеру.мектеп,колледж,кәсіпорын ұйымдарындағы  техникалық салаға икемі бар  
өскелең ұрпақтың қызығушылығын ояту,озық инженерлік технологияларын оқыту болып табылады. 

            Отырыс барысында оқушыларға «3D модельдеу және инженерлі графика» тақырыбы аясында «Pts Creo Parametric Educational» ,  Electronic Lab Duino Kit» , «Аrduino»  құрылғыларымен жұмыс істеу барысы көрсетілді.Оқушылар жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды,нженерлік технологияны - физика, математика, информатика, сурет және технология сабақтарында  кірістіре отыра  меңгереді.