23 қазан күні Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің «Ашық есік күні» ұйымдастырылуына байланысты, біздің мектеп- лицейден 10 – 11сыныптан жалпы 10 оқушы қатысты.
23 қазан күні Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің «Ашық есік күні» ұйымдастырылуына байланысты, біздің мектеп- лицейден 10 – 11сыныптан жалпы 10 оқушы қатысты. Арнайы бағдарлама бойынша еліміздің әрбір өңірінен көптеген оқушылар жиналды. Ауқымды бағдарлама аясында оқушыларға арнайы эскурсиялар ұйымдастырылды, кампустарды аралап, сол университет студенттердіінің бос уақытында уақыттарын тиімді ұйымдастырулырына да көз жеткізді. Бұл кампустарда студенттер үшін барлық жағдай жасалғандығын, кампус лингвистикалық кабинеттерімен, би залы, лабораториялар, музыка, студия т.б көптеген кабиннеттерімен жабдықталғандығын да көрді. Сонымен қатар университет оқытушылары әр түрлі ақпараттық лекциялар жүргізді. Біздің оқушыларды Назарбаев Университетінің әсемдігімен қатар сабақ үрдісі, студенттердің сабақта өзін-өзі реттей алуы, таң қалдырғандығын айтты. Біздің мектеп-лицей оқушылары Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсумен, американдық «Инженерия мектебінің» оқытушысы Байрон Крейппен ағылшын тілінде ашық диалогқа түсті. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.