«Зиялы сенбі» кездесу аясында мектеп-лицей түлектерімен жүздесу өтті.

«Зиялы сенбі» кездесу аясында  мектеп-лицей түлектерімен жүздесу өтті.

15-ші қазан күні«Зиялы сенбі» кездесу аясында  мектеп-лицей түлектерімен жүздесу өтті. Кездесудің басты қонағы  Назарбаев Университетінің студенті Жақанов Бауыржан. Бұл оқушымыз біздің мектеп қабырғасында 6 сыныптан соң іріктеу тестінен өтіп, Қарағанды қаласындағы НЗМ мектебіне түсіп, сол оқу орнын үздік аттестатпен тәмамдап, қазіргі таңда Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде оқып жүр. Бауыржан мектеп-лицей оқушыларына ағылшын тілінде ақпарат беріп, қазіргі таңда үштілділіктің маңыздылығын, мамандықтардың түрлерін, білім алуда жаңа талаптарға сай болу,функционалды сауатты тұлға болып қалыптасу керектігін айтты. НЗМ тәжірибелерін тарату мақсатында ұйымдастырылған  жатқан «Bookcrossing» жобасына да қатысып, өз пікірімен бөлісті.  Бүгінгі күннің бастамасы ретінде  «Зиялы сенбідегі кездесу» атты арнайы альбом ашылып, әсерлі сәттер мен түйінді идеялар  жалғасын таба бермек...