«Балқаш қаласының жедел құтқару жасағының» медбикесі Абжанова Бағдат Сатбековна орта буын сынып оқушыларымен жаздық статистика және алғашқы көмек көрсету туралы әңгіме жүргізді.
11-қазан күні «Балқаш қаласының жедел құтқару жасағының» медбикесі Абжанова Бағдат Сатбековна орта буын сынып оқушыларымен жаздық статистика және алғашқы көмек көрсету туралы әңгіме жүргізді. Мектепте және қоғамдық орнында болған төтенше жағдайлар болғанда қайда барып, кімге хабарлау керектігі жөнінде оқушыларға толықтай түсіндіріп өтті. Әңгімелесу барысында 5 «А» сынып оқушылары - Құтқарушы болу қиын ба?,- деген сұрақ қойды. Медбике сұрақтарға жауап беріп өмірге байланысты оқиғалары айтылды. Ал, 5 «А», 5 «Ә», 5 «В» сынып оқушылары өздерінің құтқарушы жарысына қатысатындығы және осы мамандықтың өздерін қызықтыратынын айтты. Дәріс соңында Абжанова Бағдат Сатбековна оқушыларға сынып жетекшісі мен бірге «Балқаш қаласының жедел құтқару жасағының» бір күндік жұмысын көріп қайтуға шақырды.