«Тәрбиелі ұрпақ – тамырлы болашақ» айлығы аясында ұйымдастырылған “Шаңырақ” топтарының І-ші форумы
«НЗМ» ДББҰ тәжірибесін тарату бойынша
«Тәрбиелі ұрпақ – тамырлы болашақ» айлығы аясында ұйымдастырылған “Шаңырақ” топтарының
І-ші форумы
24-26 қыркүйек күндері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде іс-тәжірибелерді тарату бойынша «Шаңырақ» қауымдастығын құру, іс тәжірибеге енгізу мақсатында «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін тарату бойынша «Тәрбиелі ұрпақ – тамырлы болашақ» айлығы аясында ұйымдастырылған “Шаңырақ” топтарының І-ші форумы өтті. «Шаңырақ» топтарының негізгі критерийлері:
1. Әрбір шаңырақ топтары өз атауларын, эмблемасын, ұранын қорғайды;
2. Әрбір шаңырақ таптарына берілген жоба жұмысының мақсат, міндетін, 2016-2017 оқу жыл бойы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстыру.
3. «Мен мектеп-лицейімен мақтанамын!» акциясы аясында мектеп-лицейі гимнінің сөзін ұсыну.
Жалпы 12 шаңырақ тобынан құралған, 23 сынып қатысты. Форумды мектеп- лицей директоры Қ.Ш.Дүбірбекова құттықтау сөзімен ашып, сәттілік тіледі. Берілген критерилердің орындалысын қадағалайтын эксперттер де болды. Айта кетсек, мектеп- лицей директоры К.Ш.Дубирбекова, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, француз тілі пәнінің мұғалімі Жунус Несіпқайша Ғылымжанқызы, мектеп- лицей кітапхана меңгерушісі Башарова Г.Т, «Жас ұлан» ұйымының торағасы Мырзахан Әлихан, «Жас Өркен» баспасөз орталығының мүшесі Кусайынова Жадыра. Әрбір шаңырақ тобы шығармашылықтарын шыңдай түсті. 2016-2017 оқу жылына арналған жоспарларымен таныстырып, зерттеу жобаларының тақырыптарын қорғады. Форум өз деңгейінде тартымды әрі қызықты өтті. Ең бастысы мектеп- лицей оқушыларының қызығушылықтарын арттырды.