«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату үшін кадрлық, ақпараттық және ұжымдық әдістемелік жағдай жасау мақсатында №2 оқыту семинар өтті.
15.09.16күні, сағат 1500 -де «Балқаш қаласы №15 мектеп-лицейі»КММ-де мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату үшін кадрлық, ақпараттық және ұжымдық әдістемелік жағдай жасау мақсатында №2 оқыту семинар өтті. Білім беру ұйымдарының тыңдаушыларына арналған оқыту семинарын мектеп- лицей директоры К.Ш.Дубирбекова көшбасшылығымен шығармашылық топ ұйымдастырды. Жалпы білім беретін мектептерде НЗМ ДББҰ кіріктірілген білім беру бағдарлы идеясы тәжірибесін таратып, оқу үрдісіне толық кіргізілетіндігі айтылды. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік үдерістер баланың жеке тұлғасына, ішкі жан –дүниесіне бағытталған жаңа оқу мақсаттарын құрастыруды талап етіп отыр, яғни өздігінен жаңалық аша білетін ұрпақты тәрбиелеу. Кіріктірілген білім беру бағдарламалары жүйелі-әрекеттесу тәсіліне бағытталып, онда оқушы дайын білім алмай, өздері оқу-танымдық іс-әрекет жасауына негізделіп құрылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді жоспарлар құруды жаратылыстану математика бағытындағы мұғалімдерге арналған тренингті І (ілгері) деңгей математика мұғаліміСадвокасова А.Т., кіріктірілген білім беру бағдарламасы шеңберінде жоспарлар құрып, қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған тренингті І (ілгері) деңгей орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Сатенова Ш.Ш., кіріктірілген білім беру бағдарламасында «Өнер» пәнінің орны, әлеуметтік тәжірибелер мен жобалар жайында директордың инновациялық ісі жөніндегі орынбасары Жуматова И.Ж.., өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Қала мектеп мұғалімдеріне кіріктірілген білім беру- мұғалімнің шығармашылығы екендігі айтылып, сабақтардың оқу мақсаты айқын, нәтижелі, тәжірибенің заманауи жетістіктерін үйлестіретін стратегиялардың болуы негізгі міндет екендігі көрсетілді. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы шеңберінде Блум таксономиясын пайдалана отырып, смарт мақсаттарды енгізгенде ғана күтілетін нәтижеге жетуге болдатындығын мұғалімдердің өздері жұмыс жасау арқылы көз жеткізді. Мұғалімнің кәсіби дамуы, білім мазмұны, тәрбие жұмысы, білім үрдісін қолдау, тәжірибені тарату бүгінгі күннің басты талабы.