«Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы өтті.

«Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы өтті.

Отбасы мен мектептің бірінші сынып оқушысын мектепте даярлау процесіне деген бірыңғай көзқарасын қалыптастыру мақсатында ХХІ ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы «1-сынып оқушылырына ата-аналарына  психологиялық  көмек» атты конференциясы өтті. «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында мектеп-лицей директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шакаримовна  ашып, конференцияның маңыздылығын және ата-аналарға бала тәрбиесінде психолгиялық көмек пен қолдаудың қажет екендігін айтты. Сондай-ақ конференцияға Балқаш қалалық «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Секербекова Бибигул Мажитовна бірінші сынып ата-аналарына тәрбие жөніндегі дұрыс бағыт бағдар берді.  Одан кейін Балқаш қаласының Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция-инспекторы Абдрасимова Сая Талгатовна жасөспірімдер арасындағы  құқық бұзушылық және ата-ана мен бала арасындағы тәрбие мәселесіне тоқталды. Мектеп- лицей психологы Тлеуберлина Айсұлу  Ғалымқызы 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі туралы педагогикалық-психологиялық зерттеулері туралы ақыл кеңестер берілді. Конференция соңында ата-аналардан рефлексия ретінде кері байланыс алынды.