Размер шрифта:

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы білімді қамтамасыз ету» тақырыбында Тамыз кеңесі өткізілді

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы білімді қамтамасыз ету» тақырыбында Тамыз  кеңесі өткізілді

Дәстүр бойынша ұстаздар қауымы үшін тамыз айы білім беру жүйесіндегі жаңа бастамалар уақыты болып табылады. Өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылында қызмет бағытын анықтау үшін 25 тамыз күні «Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы білімді қамтамасыз ету» тақырыбында Тамыз  кеңесі өткізілді. Шараға қала мектептерінің информатика пән мұғалімдері қатысты.   

    Балқаш қаласының Білім бөлімінің әдіскері (Ақпараттандыру-коммуникативті технологиялар) Орынбаева Арайлым Қамзадақызы өз сөзіндеөткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылында күтілетін жаңалықтар туралы бөлісті. Білім беру мекемелеріндегі  үштілділік, материалдық техникалық база мәселелеріне тоқталды.

   Ұстаздың кәсіби шеберлігі туралы сөз сөйлеген «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  мұғалімі Бекмағамбетова Нұргүл Сарқытовна  2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарына оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып кетті. «Балқаш қаласы М. П. Русаков атындағы  жалпы білім беретін  № 2 санаторлық  мектеп-интернаты» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі және №8 орта мектеп мұғалімдері үштілділік мәселелеріне тоқталды. Өз пікірлерін айтып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.