2016 жылғы 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздерінің қабылданған күні

2016 жылғы 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздерінің қабылданған күні

04.06.2016 күні мектеп- лицейдің алдыңғы ауласында Рәміздерді құрметтеу арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу мақсатында салтанатты саптық жиын өтті. Жыинға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер,оқушылар және  кіші қызметкерлер барлығы бірдей қатысты.  Мектеп- лицей директоры К.Ш. Дубирбекова 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай құттықтау сөз сөйледі. 7-8 сынып оқушыларынан құралған «Жас ұландар» тақырыптық үгіт- насихат жүргізді.

Салтанатты жиынға қатысушылар Сағ.12.00-де Қазақстан Республикасының Гимнін бір кісідей орындады. Біздің мектеп-лицей оқушылары Рәміздер күніне орай өткізідген қалалық іс- шараларға да белсене қатысты. М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты жиында мектеп- лицейдің «Ұландар» ер балалар хоры Қазақстан Республикасының Гимнін айтуға ат салысты.