«Асығың алшысынан түссін!» атты асық ойыны
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Жасымхан оқушыларды мергендікке, ептілікке , ұйымшылдыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған салауатты өмір салтын насихаттайтын мектеп-лицейдің ІІ дәстүрлі «Асығың алшысынан түссін!» атты асық ойыны өтті. 5-7 сынып оқушылары белсене қатысты. Нәтижесінде: І орынды 6 «А» сынып ұжымы, ІІ орынды 7 «Б» сынып ұжымы , ІІІ орынды 5 «А» сынып ұжымы иеленді. Ал, белсене қатысқан оқушылар 7 «Б» сынып оқушысы Меретай Ғалымжан, Амангелді Азамат 7 «В», 6 сынып оқушылары Асылханов Ерғанат, Кәрім Уали, Дулат Ерлан, 5- сынып оқушылары Ермеков Аңсар, Садвакасов Зият өз мергендіктерімен көзге түсті.
Дата: 1.06.2016, 10:24 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі