«Асығың алшысынан түссін!» атты асық ойыны

«Асығың алшысынан түссін!»  атты асық ойыны

           Дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Жасымхан  оқушыларды мергендікке, ептілікке , ұйымшылдыққа баулу  мақсатында  ұйымдастырылған  салауатты өмір салтын насихаттайтын мектеп-лицейдің  ІІ дәстүрлі  «Асығың алшысынан түссін!»  атты асық ойыны өтті.  5-7 сынып оқушылары белсене қатысты.  Нәтижесінде:   І орынды 6 «А» сынып ұжымы, ІІ орынды 7 «Б» сынып  ұжымы ,  ІІІ орынды 5 «А» сынып ұжымы иеленді.  Ал, белсене қатысқан оқушылар 7 «Б» сынып оқушысы Меретай Ғалымжан, Амангелді Азамат 7 «В», 6 сынып оқушылары   Асылханов Ерғанат, Кәрім Уали, Дулат Ерлан, 5- сынып оқушылары Ермеков Аңсар, Садвакасов Зият өз мергендіктерімен көзге түсті.