«Сарыарқа дарыны» облыстық фестивалі

«Сарыарқа дарыны» облыстық фестивалі

2016 жылы 26 мамырда жалпы білім беретін мектеп оқушыларының музыка эстетикалық тәрбиеленудің қамтамасыз ету, дарынды балаларды анықтауды жетілдіру, сонымен қатар оқытудың педагогикалық деңгейін жоғарылату мақсатында  «Сарыарқа дарыны» облыстық фестивалі өтті.

«Сарыарқа дарыны» облыстық фестиваліне  Әлібай Мадина, Жаппарова Мадина, Мұсақажы Алмат белсене қатысқаны үшін арнайы сертификаттармен марапатталды. Ал оқушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін Азимбеков Ерболат Серикбаевичке алғыс хат табысталды.