Отан қорғаушылар күніне және жеңіс күніне арналған «Отаным- қорғаным!» атты салтанатты жиынның өткендігі туралы ақпарат
Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріп, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ұштау мақсатында 06.05.2016 күні 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр жеңіс күніне арналған «Отаным- қорғаным!» атты салтанатты жиын өтті.
Саптық жиынға Ауған соғысының ардагері, әкелер кеңесінің мүшесі Аязов Мұрат Жолдасбаевич шақырылды.
Салтанатты саптық жиынның І-ші блогында мектеп- лицей директоры К.Ш. Дүбірбекова сөз сөйлеп, мектеп - лицейішілік, қалалық,облыстық сайыстарға қатысқан жеңімпаздарды марапаттады. ІІ бөлігін концерттік бағдарлама жалғастырды. Ұлы Отан соғысында еліміз үшін, бейбіт өмір үшін қаншама боздақтар, батырлар жанын қиды. Ер есімі, ел есінде мәңгі сақталмақ. Ұлы Отан соғыс ардагерлерін еске алу үшін 1 минут үнсіздік жарияланды.