Ынтымақ.Бейбітшілік.Бірлік

Ынтымақ.Бейбітшілік.Бірлік

           28.04.2016 күні 2А сынып ұжымы қалалық мұражайға саяхат жасады.Мұражайда оқушылар қаламыздың тарихы көне жәдігерлермен танысты. Қаламызда еңбек еткен көптеген ұлы тұлғаларымыздың өмірбаянымен танысып , олардың суреттерін тамашалады. 

      30.04.2016 күні мектеп- лицейдің үлкен спорт залында «Ынтымақ. Бейбітшілік. Бірлік» атты салтанатты саптық жиын өтті. Салтанатты саптық жиында мектеп- лицей директоры К.Ш.Дубирбекова құттықтау сөз сөйледі. Көшбасшылар мектебі өз өнерлерін көрсетті. 

       30.04.2016 күні Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қалалық «Бір-халық, бір –ел, бір-тағдыр» плакаттар байқауына 8Ә,8Б сынып оқушылары  белсене қатысып қайтты.

     30.04.2016 күні  4 Б сынып жетекшісі Кушелекова М. Ұйымдастыруымен мектеп- лицейдегі мұражайда «Достығымыз жарасқан» атты танымдық сабақ өткізді.

      01.05.2016 күні  Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қалалық митингке мектеп әкімшілігі, 15 мұғалім, әр ұлттың киімін киген 9 сынып оқушыларынан 20 оқушы қатысты. Мектеп- лицейдегі көшбасшы оқушыларымыз Жаппарова М.- 8Ә, Әлібай М.-5Ә, Мұсағажы А.-7Б, Мекентай Б.-6Г «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін айтса, «Бәйтерек» квартеті «Туған жер әнін тарту етті.

     Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, би өнерін дамыту, халық шығармашылығын насихаттау, орындаушылық шеберлікті жетілдіру мақсатында, Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазақстан- достық мекені» атты қалалық би фестиваліне қалалық мектептер арасынан қатысқаны үшін мектеп-лицейдің «Назғұмыр»би тобы алғыс хатпен марапатталды.