«Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанаты
![«Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанаты](/media/img/journal/571dc4cdad30f.jpg)
2016 жылдың 25 cәуірінде мектебімізде Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына үздік және озат оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.
Жыл сайын еліміздің «1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы» күні қарсаңында мектеп оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімін өткізу дәстүрге айналған. 7-8 сынып оқушылары ант қабылдап, мектеп әкімшілігі мен жас түлектер Жасқырандықтарға туымыз түстес көк галстуктарымен төсбелгілерін тағып, ұйымның әнұранын айтты.
Жас Қырандықтарды мектеп- лицей директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы құттықтап, үгіт насихат тобы «Жас Ұлан» жайлы мәліметтер айтылды.
Дата: 25.04.2016, 7:19 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі