Размер шрифта:

Шет тілдер әдебиет әлеміне саяхат

Шет тілдер әдебиет әлеміне саяхат

11 наурыз күні  №15 мектеп- лицейінде  «Оқу шаттығы» облыстық жоба аясында және 20 наурыз  халықаралық Франкофония ұйымының күніне орай «Шет тілдер әдебиет әлеміне саяхат » тақырыбында мектеп-лицейішілік  іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттыру, эстетикалық талғамдарын жетілдіру. Оқушылар ағылшын және француз жазушыларының шығармашылығы бойынша өлеңдер оқып, театрландырылған көріністер көрсетті.