Размер шрифта:

Аяулы да, алтын нұрлы аналар!

Аяулы да, алтын нұрлы аналар!

07.03.2016 күні  8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мәжіліс залда әжелер тәрбиесі, әжелер өнерін, немерелер мен әжелер арасындағы сүйіспеншілік әжелердің ұлылығын, ұлағатын, даналығын, ақылын отбасының тірегі, қазынасы екенін дәріптеу, көрсету, оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында әжелерді ұлықтауға арналған «Аяулы да, алтын нұрлы аналар!» атты салтанатты форум болды. Форуға жалпы «Батыр ана», «Алтын алқа» иегері, Тыл ардагері, Еңбек ардагері Күміс алқа иелері, құрметті демалыста отырған ұлағатты ұстаздар  және зейнеткерлер жалпы 75 әже қатысты. Форуды Мектеп-лицей директоры, Білім беру ісінің құрметті қызметкері К.Ш.Дубирбекова ашты. Келген әжелер оқушылар қнеріне тәнті болып қайтты. Форум өте мағыналы, мазмұнды өтті. Ұйымдастырушылар: Ш.Т. Жакупова, Г.Х.Сатыбалдина, Б.Қ. Мырзанбек, Ж.К.Унербекова. Ең негізгі мақсат әжелер, аналар мектебін дәріптей отыра «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау.