Ана – өмір бастауы!

Ана – өмір бастауы!

07.03.2016 күні 4 - сыныптың ер балалары ұстаздар қауымын қошеметпен қарсы алып, «Күндеріңіз, сәтті өтсін!», «Сіз, ең сұлусыз», «Сіз, ең ақылдысыз», «Сізді жақсы көреміз» сияқты ашық хаттарға тілектерін білдіріп, таратты. 

І ауысымда 10.00да «Өзін- өзі басқару» ұйымының көшбасшылар мектебінің  ұйымдастыруымен салтанатты саптық жиын болды. 9 сынып ұлдары ұстаздар қауымын қарсы алып төрге отырғызды.

«Шабыт» үйірмесінің кіші тобынан құралған оқушылар «Келіншек» күйін тарту етті.

 Саптық жиында 6-7 сынып оқушыларынан құралған үгітнасихат тобы аналарды мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін білдірді. «Бәйтерек» тобы «Ақ дидарлы, анашым» әнін хормен жеткізді. 

 10 сынып оқушысы Әуелбек Айбар,  7Ә сынып оқушысы Мұхаметжанова Гаухар, 6Г сынып оқушысы Пазилов Олжас ана туралы   әндерін шырқап, «Назғұмыр»  би тобы «Мереке» композициясын тарту етті. 

«Өзін- өзі басқару» ұйымының  көшбасшылары ұстаздарды құттықтады. Соңынан мектеп- лицей Директоры К.Ш.Дубирбекова құттықтау сөз сөйлеп, жылы тілектерін білдірді.