8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ана – өмір бастауы!» атты іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ана – өмір бастауы!» атты іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

Мақсаты:Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйретіп анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.  Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

         02.03.2016 күні «Ана – өмір бастауы!» апталықтың ашылуын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасардары К.А.Бейсекина, И.Ж.Жуматова  үлкен спорт залда өткен саптық жиында таныстырды.

         03.03-05.03.2016 күндері 1- қабатта тәлімгер Т.Абдрахман  мен «Өзін- өзі» басқару ұйымы көшбасшыларының ұйымдастыруымен ұстаздарға, аналарға, қыздарға арналған мерекелік ашық хаттар ілінді. Оқушылар ашық хатқа, тілектерін білдіріп, ашақ хатты әр түрлі формада жасап іліп, арнайы бұрыш ұйымдастырылды. 

02.03- 04.03 күндеріаралығында 2-9 сыныптар арасында «Бар ізгілік, бір өзіңнен тарайды, Бар тартуды, бір өзіңе арнаймын» атты технология, бастауыш сынып және мектеп-лицей ішілік  үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен кіші спорт залда көрме ұйымдастырылды. Жауапты: Башарова Г.Т, Казангапова Р.Ш.

03.03.-08.03.2016 күндері аралығында І қабатта орналасқан  теледидардан 5-10 сынып оқушыларының мектеп- лицей ұстаздарына арналған «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана» атты бейнероликтер үзбей көрсетілді. Бұл бейнероликтер мектеп мұражайының қорына өткізілді.  Жауапты: Омаров С.,Бекишева Л.

03.03.2016 күні бастауыш сынып мұғалімдері Г.Қойшина, Б. Мырзанбектің  ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Айналайын ақ мамам»  атты эсселер байқауы өтті. Оқушылар аналарына деген махаббатын, сүйіспеншілігін, құрметтерін ақ қағаз бетіне түсіре білген. 

Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында  8 – наурыз аналар мерекесіне арналған «Табынар ем -ана деген тәңірне» атты 9-10 сыныптар аралығында шығарма жазу байқауы өткізілді.         

           Бұл байқауға  мектеп – лицейдің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар өздерінің аналарына, әжелеріне деген ыстық ықыластарын дәптер бетіне түсіріп шексіз махаббаттарын балалық сезіммен жеткізді. Байқау нәтижесінде: Жамел Ернұр І орын, Кусаинова ІІ орын, Таңат Балнұр ІІІ орын.Жұмыс нәтижесінда мануал тігіліп мектеп қорына табысталды. 

02-06.03.2016 күндері аралығында тарих пәнінің мұғалімі Ермағанбетова А.А. ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары өз зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып,  «Әлемнің әйгілі әйелдері» атты тарихи- ақпараттық мануал шығарды. 

04.03.2016 күнібастауыш сынып мұғалімі Унербекова Ж.К –ның көшбасшылығымен 3-4 сынып оқушыларының арасында «Аяулы да, алтын нұрлы анашым!» атты көркемсөз оқу байқауы өте тартымды, қызықты өтті.

04.03.2016 күні М.Хамзин атындағы мысшылар мәдениет сарайында өткен «Көктем шуағы» атты ұстаздарға арналған концертте біздің мектеп- лицей атынан аналар мерекесін арнап 6-7 сынып оқушыларынан құралған ұлдар хоры ән шырқаса, мектеп- лицейіміздің әнші жұлдыздарынан құралған квартет  «Әр қашан, күн сөнбесін!» әнін орындап берді. 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс- шараларда белсенділік таныпы, өнер саласында өз үлесін қосқаны үшін біздің мектеп- лицей ұжымы арнайы алғыс хатпен марапатталды.                      

05.03.2016 күні   7-9 сыныптар арасында «Қазақ қызы қасиетім, қадірлім» атты пікірталас сайысы өтті. Бұл пікірталастың мақсаты  қазақ халқының әдеп ғұрып, салт-дәстүрлерінің қыз баланың бойына сіңіре отырып әдепті, сыпайы, жан-жақты  жетілген қыз бала тәрбиелеу. Тарихтан белгілі қасиетті ана атанған Ұмай ана, Домалақ ана, қолбасшы көсем қыздар Томирис, Зарина, ел басқарған аналар Сүйімбике, Айғаным, Ұлпан сынды аналар бойындағы елжандылық-басшылық қасиеттерді дәріптеу мақсатында оқушыларға  алдын ала тапсырған тапсырмалар бойынша бірге талдап-талқыладық. Олардың бойындағы адами қасиеттерді дәйек сөздерді  бүгінгі жастар көзқарасымен бағалау.