«Әйел бақыты» ток-шоу
03.03.2016 күні 10 сынып көшбасшы оқушыларының, ұйымдастыруымен мектеп пен ата- аналар арасындағы байланысты нығайту, әжелеріміз, аналарымыздың өмірлерін үлгі ету мақсатында «Әйел бақыты» ток шоуы өтті.Өмірге сән беріп, жан-жағына мейірім төгіп, шуақ шашып тұрған, ибалы ұл-қыз тәрбиелеп отырған ана-әжелеріміз шақырылды. Ток -шоуға мейірімді әже Бахтаева Тлеукен, биология пәнінің мұғалімі П.Бақытқызы, кітапхана меңгеруші Г.Башарова , орыс тілі мен әдебите пәнінің мұғалімі З.Джакупова шақырылды. Оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға сүбелі жауаптар беріліп, әсем ән тыңдалды. Кеш соңында ұлағатты ұстаз Н.Ғ.Жунус кері байланысын білдіріп, аналар мерекесімен құттықтап, жүрек жарды тілектерін айтты. Ток- шоу өте әсерлі өтті.
Дата: 5.03.2016, 8:53 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі