2016 жылдың 23-26 ақпан аралығында өткен "Есірткісіз көше" үшкіндігі туралы АҚПАРАТ
Мақсаты: Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу.
23-26.02.2016 күндері аралығында зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру мақсатында «Есірткісіз көше» үшкүндігі бойынша көрме ұйымдастырылып, І қабаттағы орналасқан телелидардан, тақырыптық слайттар көрсетіліп, радиоторабтан ақпараттар айтылды.
Аға тәлімгер Т.Абдрахман мен мектеп-лицей көшбасшыларының ұйымдастыруымен «Есірткісіз көше» үшкүндігіне арналған ақпараттық бұрыш жасалып, мектеп- лицей оқушыларына үнпарақтар таратылды.
Есірткі заттарының ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсерлері,өкінішке ұрындырар келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында информатика пәні мұғалімдері С.Омаров пен Д.Алиеваның ұйымдастыруымен «Сақ болыңыз: нашақорлық!» атты презентациялар жасалынып, оқушыларға көрсетілді.
Мектеп-лицейдің 7 - сыныбынан құралған үгіт-насихат тобы оқушыларға «Жаман әдеттен сақ бол!» атты үгіт жүргізді.
25.02.2016 күні 8 "Б" - сыныбында «Нашақорлыққа жол жоқ!» сынып сағаты өтті. Бақыт Нариман, Алшымбекова Алтынай сынды көшбасшылардың көмегімен ұйымдасқан сынып сағаты барысында нашақорлықтың қазіргі уақыттағы зияндылығын айтып түсіндіріліп сабақ соңында сахналық ойын қойылды. Сонымен қатар, 8"В" сыныбында «Есірткі –жас өмірді улаушы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сахналық ойын ұйымдастырылып, тақырыптық мақал-мәтелдерді айтып әр оқушы өз пікірін жақсы айтты.
26.02.2016 күні сағ.12.00 мектеп-лицей медбикесі Аткельтирова М.С ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларына «Нашақорлық ортақ қасірет» атты баяндама оқыды. Жас ұрпақтың ғасыр індеті туралы білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білім алуға жағдай туғызып өз болашағына сеніммен қарай алатын ұрпақ тәрбиелеу біздің басты міндетіміз екені туралы сөз қозғады. Медбике оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді.