«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні», «Халықты, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында өткен республикалық интерактивті он-лайн сабақ туралы АҚПАРАТ
25.02.2016 күні Қарағанды облысының ТЖК-нің ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні», «Халықты, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында өткен республикалық интерактивті он-лайн сабақ өтті. Он- лайн сабаққа 7-10 сынып оқушылары, мұғалімдер және кіші қызметкерлер қатысты.
Жыл сайын 1 наурыз - Азаматтық қорғаныс күнін дүниежүзінің халқы атап өтеді. Азаматтық қорғаныстың тарихы өзінің тамырын 1931 жылдың бастарынан бастау алады, ол кезде Француздық медициналық қызметтің генералы Джордж Сан-Пол Парижде «Женевтік аймақ ассоциясы» ұйымын құрған болатын, кейін ол ұйым Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс ұйымы болым өзгертілген (МОГО). 1972 жылы МОГО үкімет аралық ұйым мәртебесін алады. Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы 1972 жылдан бастап өз жұмысын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда оның құрамына 50-ден астам мемлекет және тағы да 20-ы қадағалаушы ретінде. МОГО - азаматтық қорғаныстың халықаралық деңгейде сұрақтарын Жарғымен қарастыратын, тәжірибе жүзінде жалғыз ұйым.Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының құрамына 1996 жылдан бастап қосылды. Қазіргі кезде азаматтық қорғаныс халықаралық жүйе ретінде, соғыс және бейбіт уақытында адам өмірі мен құндылықтарын, қоршаған ортаны қорғау бойынша алдын-ала ескерту және іс-шаралар өткізу бойынша мемлекеттің стретегиялық бағыты болып табылады. Жалпы айтқанда, азаматтық қорғаныстың басты мақсаты халықтың қауісіздігін қамтамасыз ету болып қала береді. Алайда, азаматтық қорғаныс халықаралық іс екенін ұмытпауымыз қажет. Тұрғындар кез-келген төтенше жағдайға дайын болуы тиіс, дұрыс іс-әрекет жасау, қайда баруға және өзінің жақындарына немесе зардап шеккен адамдарға сонымен қатар өзіне қажетті көмек көрсете білуге. Сондықтан да халықты алдын-ала дайындау азаматтық қорғаныстың мақсаттылығының кешенді іс шаралары болып табылатындығы айтылды. Қазіргі кезде қоршаған ортада түрлі өзгерістер мен толқулар сыр беріп жүр. Атап айтсақ, климаттың күрт өзгеруінен, табиғи және шикізат ресурстарын шектен тыс пайдаланудың салдарынан болатын түрлі апаттар, жаңадан шыққан түрлі жұқпалы аурулардың таралуы (құс, шошқа тұ-мауы, т.б.) – осының бар-лығының қоршаған ор-таға тигізер әсері орасан зор. Адам, табиғи және материалдық ресурстардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. Сондықтан да сақтандыру жүйесін күшейтуді жедел қолға алып, төтенше жағдайларға ықпал етудің сапасын арттыру қажеттігі де сөз болды.