«Өзін-өзі тану: шығармашылық және сүйіспеншілік педагогикасы» онкүндігінің қорытынды ақпараты

«Өзін-өзі тану: шығармашылық және сүйіспеншілік педагогикасы» онкүндігінің қорытынды ақпараты

1-12 ақпан аралығында «Балқаш қаласының №15 мектеп лицейі» КММ-де «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі өткізілд.

Мақсаты: оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және дамыту.

Онкүндікті өткізуге арналған іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.

Аталмыш іс-шаралар аясында оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді, сүйіспеншілік  адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріліп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолданып, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында өзін-өзі тану сабақтары, акциялар, дебат, мәнерлеп оқу сайыстары өтуде.  

1.02.2015ж. күні өткізілген саптық жиында онкүндіктің ашылу салтанаты болды. 5-6 cыныптардан құралған үгіт насихат тобы өзін өзі тану пәнінде қолданылатын ең басты,  жалпы адамзаттық абсолюттік құндылықтар, «Өзін– өзі тану» – үнемі өзгеріске ұшырап отыратын қазіргі заманда адамның өзін– өзі толыққанды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін болашақ білім үлгісінің негізі,  мәдени мұраны құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, тірі жанға қиянат жасамауға, жақсы азамат болуға, адам құқығын құрметтеуге  тәрбиелеу туралы насихаттады. Үгіт-насихат тобына: 6 "А" сынып оқушысы Тұрлыбек Жалғас, Касенханов Махмут, Кисебаева Назерке, 6"Ә" сынып оқушылары Батарбекқызы Раушан, Макажанова Камила, Рахметжан Ақбота, Мағаз Адай; 6"В" сынып; 6"Г" сынып оқушылары Павлик Олжас, Дузенова Жанерке, Мекентай Бибарыс сынды оқушылар қатысты.

1.02.2016ж. күні мектеп-лицейдің І қабатына онкүндікке арналған ақпараттық стенд қойылды.

2 - ақпан күні мектеп-лицей «Өзін-өзі тану»: Сүйіспеншілік  және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі  аясында кітапханада «Мейірім шапағатын  төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды.

Өзін-өзі тану пәнін оқыту  үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім сапасының қажетті деңгейіне жету, өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Осы мақсатта кітапхана оқырмандарына Сара Алпысқызы жайлы түсінік беріп, ол кісінің үлгілі жар, аяулы ана емес, еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткеріекендігі жайлы айтып өтіп кітап көрмелерінен түсінік беру.

3.02.2016ж. 3-сыныптар арасында «Бейбітшілік» тақырыбында сурет байқауы өтті. Ең үздік деп танылған суреттер стендке ілініп, оқушылар марапатталды.

5.02.2016ж. күні  онкүндік аясында 4-сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. (Сатыбалдина Г.Х.)

Сайыстың мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

 Барлық 4  сыныптар белсенді қатысты. Оқушылар ақын-жазушыларымыздың шығармашылығымен бөлісті және «Ана монологы» атты бейнебаян  көрсетілді. Балалардың  аналарына деген көз қарасы қандай екенін білу үшін  «Ашығын айтсам» деген жаттығуы орындалды.Балалар өз ойларын еркін жеткізе білді. Мәнерлеп оқу сайысы өз деңгейінде өтті, оқушылар І, ІІ, ІІІ орындарға ие болып, жеңімпаз оқушылар мадақтамалармен марапатталды.

І орындарға:      Кусыман Каракат, Сатыбалды Айдана                              

ІІ орындарға:      Шаймаганбетова  Диана, Қайролла Еңлікгүл                                   

ІІІ орындарға:  Бигазы Іңкәр,   Муратов Санжар 

                        Кумарбеков Дияс, Ганиева Акерке                 

9  -ақпанда «Адамгершілік құндылықтар»  тақырыбы аясында 9 -сыныптар аралығында дебат ойыны өткізілді. Оған 9 - сыныптар өз еркілерімен командаларға бөлінді. Атап айтсақ 9 «А» және 9 «Ә» сыныбы микс құрып «Адамгершілік» тобы Маратова Ақерке, Нурашева Жазира, ал 9 «Ә» және 9 «В» сыныптарыда микс «Барыс» тобы Жақсыбеков Ильяс, Даныкбаев Диас, 9 «В» сыныптарынан «Ақиқат ұшқыны» тобы Омашева Ұлжан мен Сатмаганбетов Айбек қатысса сонымен қоса 9 «В» сыныбында Амантаев Азиз бен Тұрсынхан Нұртілеу өздерінің ұтқыр ойларын көрсете білді.  Олар өзара дебат қарары бойынша «Бұл палата білімге қараганда тәрбие маңыздырақ» деген тақырыпта білім мен біліктіліктерін көрсетіп, мықты ойын көрсете білді. Қорытындылай келе, 1-9 «В» сыныбы Амантаев Азиз бен Тұрсынхан Нұртілеу, 2 орынды 9 «Ә» және 9 «В» сыныптары микс «Барыс» тобы Жақсыбеков Ильяс, Даныкбаев Диас емденсе, 3 орынды 9 «А» және 9 «Ә» сыныбы микс «Адамгершілік» тобы Маратова Ақерке, Нурашева Жазира, ал алғыс хатты  9 «В» сыныбы «Ақиқат ұшқыны» тобы Омашева Ұлжан мен Сатмаганбетов Айбек қанағат тұтты. Дебат ойыны бойынша үздік спикер номинациясымен 9«В» сынып оқушысы Даныкбаев Диас марапатталды.                                                                     

4.02.16 күні өзін-өзі тану пәнінен 7 «Ә» сыныбында күнтізбелік жоспарға сәйкес «Атамекен-алтын бесік» атты ашық сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.

Міндеттері:

- Атамекенді қадірлей білуге, Атамекенге қызмет ету, адам өмірінде Атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;

- Оқушылардың өз Атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;

- Өз Атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.

        Сабаққа 27 оқушы қатысты.

Сабақ жоспардан ауытқыған жоқ. Тыныштық сәтінен басталып, үй тапсырмасы беріліп қорытынды шықты. Рефлексия өтілді. Оның нәтижесі бойынша 93 пайыз оқушыларына сабақ ұнады. Әсіресе топтық жұмыс, бейнебаян, топпен ән айту.(Тлеуберлина А.Г.)

         11.02.2016ж. күні 4 "Ә" - сыныбында «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында ашық сабақ өтті. Өткізген Әбжаппарова А.     

 Сабақ мақсаты: Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды мейірімді болуға, қайырымдылық көрсетуге дағдыландыру.Сабақ барысында оқушылар шаттық шеңберін құрып, сахналық қойылымда өздерін еркін ұстап, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, «Жетімдер» фильмінен үзінді көрді. Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арнаған  тілектерін ашық хат түрінде жеткізді.

Сонымен қатар 4  - ақпанда «Таңшуақ» шағын орталығының тәрбиеленушілеріне «Өзіңнің күлкіңмен бөліс» тақырыбында психолог Рахимберлина А.Н. тренинг өткізді.

Мақсаты: Балаларға көңіл-күй сыйлау, бір-біріне деген сезімталдығын тәрбиелеу, эмоциясын білдіруге үйрету.

Тренинг басында балалар «Менің есімім» атты жаттығу жасады.Әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтты.

«Көңіл-күйің қандай?» бөлімінде балалар түрлі –түсті қағаздан фигуралар жасап үйренді.

1) Интерпритация

Қызыл -қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш  қуаттың төмендеуі

Ақ–анықталмаған көңіл-күй.

          2) Әр бала  өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдап, психолог: Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған  интерпритацияны  балаға оқыды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

Қатысқанбарлық балаларға тренинг өте ұнады, балалар өздерінің білетін мейірімді жылы лебіздерімен бөлісті. Бір-біріне тілек айтты.  «Көңіл күйің қандай?» қызықты жаттығуын дұрыс орындап, өздері таңдаған түсіне көңіл-күйлерінің сәйкес болғанына  көздері жетті.

2-10 ақпан аралығында ақ қамсыздандырылған, көп балалы отбасы, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға көмек ретінде «Бес жақсы іс» акциясы өтті. Акцияға мектеп-лицей оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Акция барысында 4 «Г» сыныбы белсене түрде қатысып, көптеген оқу-құралдар тапсырып жатты. Сыныптың қатысқанымен ғана қоймай, сынып жетекшісі Жакупова Шынар мұғалімде белсене қатысты. Сонымен қатар, атап айтсақ: Жүніс Несіпқайша Ғалымжанқызы белсене түрде қатысып және де  мектеп – лицейіміздің басқа да, Асу Аңсар, Муратова Диана, Асанова Сания, Бағдат Әліби  сыңды оқушылары  осы акцияға белсене қатысты.

5 -  ақпан күні онкүндік аясында 9-10 сынып оқушылары арасында «Достық– жан шуағы»  атты эссе байқауы өтті. Байқауға 21 оқушы қатысты. Байқауға қатысқан оқушылардың жұмысы тақырыптың ашылуы, оқушының  өзіндік авторлық позициясы, эссенің өзектілігі бойынша бағаланды. Нәтижесінде,  «Ең үздік » шығарма деп 10 "А" сынып оқушысы Келтай Мөлдірдің жұмысы бағаланса,  І орынды 9"А  сынып оқушысы Кусаинова Жадыра, ІІ орынды Мұқажан Алтынай, ІІІ орынды 9"Ә" - сынып оқушысы Амантай Меруерт, 9"Б" - сынып оқушысы Маманова Анель және 9"В"- сынып оқушысы Төрехан Динара иеленді.    

11.02.2016ж. мектеп психологі Карина Г.Т. «Өмір маған қиындығымен қызықты» тақырыбында тренинг сабақ өткізді.

Мақсаты: аутодеструктивті жүріс – тұрыстың алдын алу.  Өзін – өзі тануға, бағалай білуге, мақсатқа ұмтыла білуге  үйрету.

Сабақ барысында мынандай тапсырмалар болды:

1.     «Басқа түскен қиындық қатып қалмайды»

2.     Досыңның басына қиын іс түсті.... Әрі қарай осы қиындықтан шығаруға  үміт жолдарын көрсетіп әрекет ет.

3.     Мына сөздер арқылы қорытындылаңыз. Қара бұлт, Нөсер жауын, Күн.

 Сонымен қатар, «Өзіңе хат», «Армандар», «Жалғастыр» сияқты жаттығуларды орындап, оқушылар бойындағы жүйке жүйесін босату гимнастикасы бойынша жұмыс істеді.  Жалпы тренинг өз деңгейінде өтіп, оқушылардың қызығушылығы артты.