Ақпарат

Ақпарат

Педагогтардың кәсіби білімін жетілдіру, іс-тәжірибесімен бөлісу, оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында мектеп-лицейдің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы қаңтардың айының 18-28 аралығында онкүндік өткізді. Онкүндік аясында Балқаш қаласының ақиық ақындарымен кездесуден бастап, танымдық сабақтар, поэзиялық кеш, интеллектуалды ойындар, ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

Сондай-ақ   «Жарқын болашақ» мектепішілік  «KATEV» қазақ тілі олимпиадасы   өткізілді.

Аталмыш сайыстың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету .Тұлғаның өзін-өзі дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету көзделген.

Онда 5 конкурс: «Тілші әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлері», «Жазушылар» аталымдары бойынша бақ сынасты.

Әрбір бағыт бойынша олимпиаданың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  шыққан  жеңімпаздар  марапатталды.  Сондай-ақ олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар  қалалық деңгейде өткізілетін олимпиадаға  іріктелді.

 Қалалық деңгейде өткізілген олимпиадада жастарымыз нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсетіп, келесі жүлделі орындарға ие болды.

"Тілші -әдебиетшілер" бағыты

1-орын:11-сынып оқушысы Нұрлыбай Мөлдірайым

"Жас ғалымдар" бағыты

1-орын: 7 - сынып оқушысы Отарбаев Қуат

"Жазушылар" бағыты

1-орын: 10-сынып Жәмел Ернұр

"Әнші-бұлбұлдар" бағыты

2-орын: 5-сынып Әлібай Мадина

"Сөз шеберлері" бағыты

3-орын: 9-сынып оқушысы Құсайынова Жадыра

Осы байқаудан жүлделі бірінші орынды жеңіп алған оқушылар облыстық «Жарқын болашақ»қазақ тілі олимпиадасына жолдама алды.