Өзіңізді және отбасыңызды тұмаудан сақтаңыз

 Өзіңізді және отбасыңызды тұмаудан сақтаңыз

28.01.2016  күнімектеп- лицейдің мәжіліс залында жұқпалы респераторлық   вирустық инфекциялардың  ауруының алдын алу мақсатында “Қарағанды облысы бойынша және Балқаш қаласындағы эпидемиологиялық жағдайы” атты ата- аналар жиналысы өтіп, оған 120- дан астам ата-ана қатысты. Күн тәртібі бойынша мектеп- лицей директоры Дубирбекова Қарлығаш Шәкәрімқызының сөзімен ашылып,   Балқаш қаласының Эпидемиология бөлімінің бас маманы-Шорманова  Гульнар Сопыжановна Тұмаудың алдын алу шаралары” және “Қарағанды облысы бойынша  және Балқаш қаласындағы эпидемиологиялық жағдайы” туралы ақпаратын айтса,  қалалық №2 емхананың бала дәрігері - Сакенова Мадина Сакеновна «Тұмау  дегеніміз не?» , «Оның негізгі белгілері және ата- аналарға кеңес”  дәрісін оқыды.  Келген ата- аналарға тақырыптық жадынамалар таратылып,  келген мамандар ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді.  Мектеп-лицей медбикесі Аткельтирова Марал тұмауға қарсы  өткізіліп жатқан  іс- шаралар туралы ақпарат беріп, алдын  алу жұмыстары  жүргізіліп жатқандығын атап айтты.