Өзіңізді және отбасыңызды тұмаудан сақтаңыз
28.01.2016 күнімектеп- лицейдің мәжіліс залында жұқпалы респераторлық вирустық инфекциялардың ауруының алдын алу мақсатында “Қарағанды облысы бойынша және Балқаш қаласындағы эпидемиологиялық жағдайы” атты ата- аналар жиналысы өтіп, оған 120- дан астам ата-ана қатысты. Күн тәртібі бойынша мектеп- лицей директоры Дубирбекова Қарлығаш Шәкәрімқызының сөзімен ашылып, Балқаш қаласының Эпидемиология бөлімінің бас маманы-Шорманова Гульнар Сопыжановна Тұмаудың алдын алу шаралары” және “Қарағанды облысы бойынша және Балқаш қаласындағы эпидемиологиялық жағдайы” туралы ақпаратын айтса, қалалық №2 емхананың бала дәрігері - Сакенова Мадина Сакеновна «Тұмау дегеніміз не?» , «Оның негізгі белгілері және ата- аналарға кеңес” дәрісін оқыды. Келген ата- аналарға тақырыптық жадынамалар таратылып, келген мамандар ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді. Мектеп-лицей медбикесі Аткельтирова Марал тұмауға қарсы өткізіліп жатқан іс- шаралар туралы ақпарат беріп, алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап айтты.