«Айгөлек- 2016»

 «Айгөлек- 2016»

16.01.2016 күні оқушылардың қалалық деңгейде дәстүрлі  «Айгөлек- 2016» ән – би балалар байқауы өтті. Біздің мектеп-лицейден қатысқан оқушылар  өздерінің үлкен дайындықпен келгенін байқатты. Өз Отанына, туған өлкесіне, ата – анасына , достық қарым – қатынасқа деген ыстық ықыластарын «Туған өлкем» атты  әнмен білдірген 2А сынып оқушысы Ұзақбай Айару – «Бүлдіршіндер» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді. «Жас таланттар» номинациясы бойынша ІІ орын иеленгені үшін біздің мектеп- лицейдің «Қызғалдақ» тобы марапатталды. Топ құрамында 7Ә сынып оқушысы-Мухаметжанова Гауһар, 7Б сынып оқушысы- Калкаманова Аружан. «Жасөспірімдер әні» номинациясы бойынша 8Ә сынып оқушысы Жаппарова Мадина ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: музыка пәнінің мұғалімі Жақыпбекова Ш.Д. «Жасөспірімдер би» номинациясы бойынша «Назғұмыр» би тобы «Қарлығаш» композициясын орындап, І орын иеленді.