«Кикілжің. Кикілжіңнен шығу жолдары» атты тренинг
08.01.16 күні 3-4 сыныптың оқушыларына «Кикілжің. Кикілжіңнен шығу жолдары» атты тренингі өтті. Тренингке әр сыныптан 2 оқушыдан шақырылып, барлығы 25 оқушы қатысты.
Мақсаты: Кикілжің деген не екенін, оның мағынасын түсіну; кикілжіңдік жағдаяттарды талдай алуға үйрену; одан оңтайлы шыға білу жолдарын табу, үйрену.
Күтілген нәтижесі: оқушылардың кикілжіңнің туындау себептеріне үңілу, болашақта дұрыс шешім қабылдай алу, өз іс-әрекетіне талдау жасау.
Рефлексия арқылы оқушылардың 100 пайызына тренинг ұнағаны анықталды.
Себебі (оқушылар жауабы) тренингте сергіту сәті, ойын, шығармашылық тапсырмалар орындалды.
Дата: 12.01.2016, 0:47 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі