Жасыл шырша маңында

Жасыл шырша маңында

 Жаңа жыл - әлемдегі қуанышқа  толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Осыған орай 23-желтоқсан күні бастауыш сыныптар арасында «Жасыл шырша маңында» атты жаңа жыл мерекесі аталып өтті. Мерекеге алыстан ат арыта аяз ата немересі ақшақарды ерте келіп, көрермендерді шаттыққа бөледі. Сонымен қоса балаларға қонаққа ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері келді. Балалар өлең айтып, би биледі. Шыршаны айналып ән салды, әртүрлі ойындар ойнады. Соңында балалар Аяз Атадан сыйлық алды. Мереке көңілді өтті.

Баршаңызды келген Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!