Сайлау қорытындысының ақпараты
![Сайлау қорытындысының ақпараты](/media/img/journal/562ae95f609ca.png)
Мектепішілік өзін- өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты мектеп ұжымымен әр түрлі іс –әрекеттер ұйымдастыру болып табылады. Мектепте оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымы 8 -11 сыныптың шығармашыл, белсенді топтан құрылған жоғары сыныптар кеңесі болып табылады. Осы орайда мектебімізде 2015 жылдың 14 – қазанында өзін- өзі басқару ұйымының белсенді мүшелерін, балалар маслихатының депутатын және мектеп Ұланбасының сайлауы болып өтті. Биылғы жылдағы сайлаудың ерекшелігі I – ауысымның оқушылары өз дауыстарын үміткерлерге талон арқылы берді, II - ауысымның оқушыларынан сыныптарға кіріп дауыс жиналды. Оқушылар дауыс жәшіктеріне өз дауыстарын берді.
Сайлауға балалар маслихатының депутаттығына оқушылар өздерін ұсынған болатын.
Дата: 24.10.2015, 2:16 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі