Қазақстан Республикасында тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту стратегиясы» тақырыбында онлайн режимінде әдістемелік семинар
15.10.2015ж. күні мектеп-лицейіміздің №216 оқу бөлмесінде Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының және Балқаш өңірі педагогтерінің кәсіби даму Орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту стратегиясы» тақырыбында онлайн режимінде әдістемелік семинар өтті. Семинарға Балқаш қаласы және Ақтоғай ауданының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері мен білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Мақсаты:Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын жүзеге асырудың ерекшеліктерін айқындау және пәнді жүргізу бойынша өзара іс-тәжірибемен алмасу.
Семинарда «Өрлеу» БАҰО АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ-ң МДТжБББ кафедрасының аға оқытушысы Ж.Е.Қаңтарбаева «Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбынды баяндама оқыды. Мұғалімдер, осы бағытта қатысушылар сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты. Сонымен қатар, «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ өзін-өзі тану және француз тілі мұғалімі Н.Г.Жунус «Рухани-адамгершілік білім беруді жаңаша ұйымдастыру» шеберлік сабағын көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Қорытындысында семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, рефлексия жасады.