«Мейірім шуағы» қайырымдылық концерті

«Мейірім шуағы» қайырымдылық концерті

 

23.09.2015 күні балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдай тқмен балаларға көмек өкрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу мақсатында «Құрбан айт» мейрамына орай мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен,«Оқушылар мектебінің» көшбасшылығымен қаламыздағы жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сағат 15:00– де мектептің Мәжіліс залында «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концерті болып өтті.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жиналған оқу құралдар, киім– кешектер Қоңырат кентінде орналасқан №3 мектеп – интернаты тәрбиеленушілеріне жіберілді және  жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлыққа тарту етті.

Құрбан айт мерекесі жүректерді тек қуаныш пен бақытқа толтырып, жан- дүниеміздің тазалығын сақтауға көмек болып, бастаған істерімізге сәттілік әкелсін.