«Үштілділік-заман талабы» семинар-тренинг
ҚР Тілдер мерекесіне орай 17 қыркүйек күні «Үштілділік-заман талабы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Б.Тайжанова,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Ш.Сатенова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.О. Баженова 9-сынып оқушылары арасында семинар-тренинг өткізді.
Негізгі мақсат бірнеше тілді меңгерген ,мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгерту .
Семинар-тренинг барысында оқушылар ІІІ топқа бөлініп,
1.Бір елде 3 тілдің өмір сүруі мүмкін бе?
2.Үштұғырлы тіл концепциясы елімізге не береді?
3.Үш тілді оқытуға көзқарасың?
деген сұрақ төңірегенде өз ойларын ортаға салып, 3 (қазақ,орыс,ағылшын) тілінде талқылады. Сондай-ақ, қазақ,орыс,ағылшын тілінде «Тапқыр болсаң тауып көр» атты сергіту сәті де сәтті шықты.
Семинар –тренинг соңы ақын Қадыр Мырза-Әлидің өлең жолдарымен қорытыланды.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!