Размер шрифта:

«Үштілділік-заман талабы» семинар-тренинг

«Үштілділік-заман талабы» семинар-тренинг

ҚР Тілдер мерекесіне орай 17 қыркүйек күні  «Үштілділік-заман талабы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Б.Тайжанова,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Ш.Сатенова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.О. Баженова  9-сынып оқушылары арасында семинар-тренинг өткізді.

Негізгі мақсат бірнеше тілді меңгерген ,мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгерту .

Семинар-тренинг барысында оқушылар ІІІ топқа бөлініп,

             1.Бір елде 3 тілдің өмір сүруі мүмкін бе?

             2.Үштұғырлы тіл концепциясы елімізге не береді?

             3.Үш тілді оқытуға көзқарасың?

деген сұрақ төңірегенде өз ойларын ортаға салып, 3 (қазақ,орыс,ағылшын) тілінде талқылады. Сондай-ақ, қазақ,орыс,ағылшын тілінде «Тапқыр болсаң тауып көр» атты сергіту сәті де сәтті шықты.

Семинар –тренинг соңы  ақын Қадыр Мырза-Әлидің өлең жолдарымен қорытыланды.
Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!