Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – бақыт мекені

Мақсаты:Адам өмірінде маңызды орын алатын отбасының қадір-қасиетін оқушыларға түсінідіріп, отбасының берік болуы үшін қажетті негізгі тіректері туралы айтып,  жанұялық құндылықтарды нығайту.

05.09.2015 күні «Отбасы – бақыт мекені»  атты 7 қыркүйек «Отбасылар күніне» арналған апталық жоспар бекітілді.

11.09.2015 күні «Менің жанұямның сүйікті кітабы» атты көрме ұйымдастырылып, І қабатта «Отбасы – бақыт мекені»атты ақпараттық стенд құрылды.

9-15.09.2015  күндері аралығында 2-10 сыныптар арасында «Отбасы – бақыт мекені»атты фотоколлажға мектеп- лицей оқушылары белсене қатысып, мадақтамаларға ие болды.

9-10. 09.2015 күні 2-7 сыныптар арасында «Отбасым мақтанышым» атты сауалнама алынды. Сауалнамаға әр сыныптан 10 оқушыдан қатысты. Қатысушылар 30 пайызды құрады.

9-15.09.2015 күні 2-10 сынып оқушылары  «Менің отбасымның дәстүрлері» тақырыбында дайындаған бенефильмдері  мектептің әрбір қабатында орналасқан теледидардан көрсетілді және сол оқушылар арнайы мақтау қағазымен марапатталды.

11.09.2015 күні мектеп ауласында 2-3 сынып оқушылары «Менің үйім – менің отбасым» атты асфальтқа сурет салу байқауына да белсене қатысып, өз идеяларын әдемі суреттердің көмегімен көрсете білді.

8-11.09.2015 күні отбасы беделін нығайту, отбасының әлеуметтік мәртебесін көтеру, отбасылық өмір салтын насихаттау және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамыту,отбасындағы ұлттық дәстүрлерді насихаттауға қоғам назарын аудару мақсатында «Отбасым – алтын діңгегім» атты шығармалар, өлеңдер байқауы өтті. Қорытындысы бойынша шығармалар байқауынан 8«Ә» сынып оқушысы  Мәжіліс Жұлдызым  жұмысы ең үздік деп танылып І орын , Мейірбекова Балнұр  8 «Ә», Маратова Ақерке  9 «А» ІІІ орын алды.

10.09.2015 күні отбасы құндылықтарын сақтау, ата-анамен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 8-9 сынып оқушыларымен бірге «ХХІ ғасырдағы отбасы мәселесі» тақырыбындағы өткізілген дөңгелек үстел өтті. «Отбасы құндылықтары» туралы ролик көрсетіліп , оқушылар өз ойларын айтты.«Ата-анаға қамқорлық» сергіту сәті көрсетілді.Әр топқа сұрақтар таратылып ,жауап алынды. Постер арқылы  өз ойларын айтты.

10-13 09.2015 күндері аралығында 3-4 сыныптар аралығында «Мейірлі отбасылар» туралы ақпараттар жиналып, нәтижесінде мануал тігілді.

10.09.2015 күні мектеп алды даярлық тобында «Әкем, анам және мен»«Толағай» отбасылық сайысында ата- аналар өте белсенді қатысты.

«Таңшуақ» шағын орталығынды ата- аналармен бірге «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

11.09.2015 күні 5 сыныптар арасында «Менің жанұямның салт- дәстүрі» атты сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға Қошановтар отбасы, ІІ орынға Қасеновтер және Амангелді отбасылары, ІІІ орынға Тұяқовтар, Әкетаевтар отбасы  иеленіп, марапатталды.

12.09 күні  6 сыныптар арасында «Біз жетістікке жетеміз» атты отбасылық  жарыс өтті.Сайысқа әр сыныптан бір отбасынаң  қаттысты.

Сайыс қорытындысы бойынша:   6 «Г»сыныбының намысың қорғаған Карим отбасы  І орын, 6 «В» сыныбының намысың қорғаған Кадиржан отбасылары ІІ орын,ал 6 «Ә» сыныбының намысың қорғап келген  Айткеновтар мен  6«А»сыныбыың намысың қорғап келген Сәкеновтар отбасылары жоғары деңгейде қатысып ІІІ орынды иеленді.Сайыс өте қызықты,тартымды өтті.

12.09.2015 күні оқушыларға үлкен рухани эстетикалық тәлім беру, өнер әлеміне қанат қақтыру мақсатында 2-11 сынып оқушыларымен бірге «Ата- анам асыл қазынам!»атты  қолөнер көрмесі өтті. Қорытындысы бойынша: «Дәстүрлі отбасы» номинациясымен Рахметжановтар отбасы, «Заманауи отбасы» номинациясымен Төлегеновтер отбасы, «Өнерлі отбасы» номинациясымен Берикжановтар отбасы, «Шебер отбасы» номинациясыменБукеновтар отбасы, «Берекелі отбасы»номинациясыменҚожахметовтар отбасы, «Алғыр отбасы» номинациясымен Джангутиевтер отбасы, «Талапты отбасы» номинациясын Кәрібаевтар отбасы иеленді. 

12.09.2015 күні дене шынықтыру пәні мұғалімдері Н. Тасибетов  мен С.А. Алимбетова мектебіміздің жоғары сынып оқушыларынан құралған оқушылар мен әкелер командасы арасында волейбол және футбол  ойындарынан жарыс өткізді. Жарыс нәтижесінде жоғарыда аталған қос ойында әкелер бірінші орынға ие болды.

11.09.2015ж. күні «Отбасының бала өміріндегі алатын рөлі» тақырыбында жалпы ата – аналар жиналысы өтті. Жиналысқа жалпы -  180 ата – ана және «Балқаш қаласының №2 емханасы» КМҚК №2 емхана педиатр дәрігері Сакенова Мадина Сакеновна, «Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы» аға лейтенанты Болатұлы Асылбек Мерекеевич қатысты.

Жиналыста күн тәртібіне сәйкес, отбасындағы тәрбиенің бала өмірінде алатын рөлі, МДЖ мен «Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл жылын» іске асыру, «Қамқоршылық кеңесі» жұмысының жандануы,«Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігінің ата-аналар тарапынан қадағалануы, сондай-ақ, балалармен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алумәселелер қарастырылды.

15.09.2014 күні қалалық деңгейде «»Жас отбасы – 2015» байқауы өтті. Байқауға қатысқан мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Тасимбетов Н. отбасымен бағын сынап, жүлделі ІІ орын алды.