Ертегі әлеміне саяхат

Ертегі  әлеміне саяхат

22 шілде күні  «Балдәурен»  жазғы сауықтыру орталығы демалушылары   А.Гайдар атындағы орталық  қалалық балалалар кітапханасына   барды.  Кітапханашы  Узалина Зәуреш   балаларға арналған жаңа  кітаптармен  және  оларды  ұстау  ережесімен  таныстырды. Кітапханадағы  «Ең,ең, ең»   орталығына барып, «Ең  үлкен», «Ең кішкентай», «Ең  жұқа»    кітап  үлгілерімен таныстырып, олар  жайында ақпарат берді.  Бұл кітапханада балаларды қызығушылықтарын арттыратын, логикалық   ойлау қабілеттерін  жетілдіретін  кітаптардың саны өте көп.   Сонымен қатар, кітапханашы балаларға арнап  әр  түрлі  мультфильмдер  көрсетіп,  қазақ ертегілерін оқытқызып, адамгершілікке, патриоттыққа  баулыды.