«Билер, билер» сайысы
16 шілде күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығында «Билер, билер» атты сайыс өткізілді. Сайысты өткізудің мақсаты оқушылардың би өнеріне деген қызығушылығын дамыту, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.Бұл сайыс ІІІ кезеңнен тұрады. Сайысқа екі топ қатысты. Оқушылар күннің және бұлттың суреті таңдау арқылы екі топқа бөлінді.
I кезеңде қыздар Қазақ биі «Қамажайды» биледі.Келесі кезеңде өз қалаған билерін топпен жарыса отырып, өнерлерін көрсетті. III кезеңде екі топ бірігіп, вальс биледі.Сайыс өте қызықты өтті. Сайыс соңында әр түрлі номинациялармен топтар марапатталды.
Сонымен қатар, мектебіміздегі Ұлттық орталыққа саяхаттап барды. Балаларға қазақ халқының салт – дәстүрі,ұлттық жабдықтар туралы мәлімет берілді.
Дата: 16.07.2015, 15:00 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі